«Президент Қ. Тоқаевтың биылғы Жолдауынан кейін Жаңа Қазақстан құрудың механизмдері айқын белгілі болды. Бүгінгі Үндеуі де ел тарихындағы маңызды қадамдарға жол ашады. АТА Заңды халықтың қолайлы өмір сүруіне бағыттау, адам құқығының асқақ болуына негіздеу қажетті дүние. Президент алдағы референдумда Ата заңның үштен біріне өзгеріс енетінін айтты.

Сондықтан, халық болып жауапкершілік танытып, елдің болашағы үшін ат салысу қажет деп есептеймін.Әділетті Қазақстан құрудың алғы шарты ретінде Конституциялық сотты атауға болады. Бұл жөнінде де Президент өткен Жолдауында жариялады. Кез келген азамат өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін тікелей Конституциялық сотқа жүгінуге болады.Президенттің халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, құқықтық әлеуетін көтеруге бағытталған барлық шешімдерін қолдаймын».