Бүгін Қызылордада Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті.

Жиынға облыстық референдум комиссиясының төрағасы төрағасы Ғалым Баймырзаев жетекшілік етті. Маңызды шараға Қазақстан Республикасы  Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов қатысты. Жиында облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Оразгелді Ұзақбай «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»

баяндама жасады. Облыс прокурорының орынбасары Дамир Катаев «Республикалық  референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбын тарқатты.

Өзге де спикерлер республикалық референдумды дайындау мен өткізу, кейбір ерекшеліктері, комиссия қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің ерекшеліктері мен есеп берудің тәртібі, референдумды ұйымдастыру мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері, шетелдік байқаушылармен жұмыс мәселелері бойынша кеңінен түсіндірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!