Парламенттегі Үкімет сағатында сенатор Серік Шайдаров толық емес отбасылар үшін ипотека пайызын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Серік Шайдаровтың айтуынша, толық емес отбасы санаты 2%-дық жылдық ипотеканы көздейтін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылды. Өйткені еңбек министрлігі жалған ажырасудың көбейіп кеткенін анықтады. 2019 жылы ажырасу 27 400 болса,  2020 жылы 59 800-ге дейін болды. Толық емес отбасылар әкімдіктер желісі бойынша жылдық 5% -бен кредиттік тұрғын үй сатып ала алады.

“Енді толық емес отбасылар жылдық 5%-бен баспана сатып алуға мүмкіндігі бар, бірақ бұл оларға тиімсіз. Бүгінде 148 мыңнан астам толық емес отбасы тұрғын үйге мұқтаж екенін түсіну керек, оның 60%-ының табысы күнкөріс деңгейінен төмен», – деп атап өтті Шайдаров.

Оның айтуынша, толық емес отбасылардың көпшілігіне бұл пайыз үлкен.

«Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл мәселені жан-жақты зерделеп, халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларға өзгерістер енгізуі тиіс деп ойлаймын. Толық емес отбасылар үшін жылдық 2%- бен кредиттік тұрғын үй беруді ұсынамын», – деді сенатор.

Оның айтуынша, тұрғын үй кезектерінде әлі де 88 ҰОС ардагері тұр, олардың көпшілігі жақында 100-ге келеді .

«2015 жылы барлық ардагерлер баспана алды деп айтылды. Алайда жедел шарасыз оларға үй жоқ», – деп атап өтті депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!