Танымал қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, күйеу жігіт – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриев.

«Барған жеріңізде бақытты болыңыз! Бүгін отандық шахматтың мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды. Жас отбасыға бақыт, береке тілейміз!», – деп құттықтады Қазақстанның шахмат федерациясы.

Айта кетейік, Жансая Даниярқызы Әбдімәлік 2000 жылы Алматы қаласында туған. Ол бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйренді, ал жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен оқыды. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!