Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өткен жылы да, биыл да өскен жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан “ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі алқасының қорытындылары” туралы брифинг кезінде журналистер Тамара Дүйсеноваға “Министрлердің жалақысы өсті ме? деп сұрақ қойды. 

Министр соңғы рет жалақы 2018 жылы өскенін айтты.

“Мемлекеттік қызметкерлер қаражатын өсірген жоқ. Соңғы кезде азаматтық қызметкерлер еңбекасы  өсті. Сондықтан өткен жылы да, биыл да мемлекеттік қызметкерлердің қаражаты өспеді. Тек 2018 жылы факторлық-балдық шкала (ФБШ) негізінде ғана жалақы өскен, одан кейін айлық өспеді. Министрлерде де жағдай осындай, олар да мемлекеттік қызметкер”, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!