Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлаймыз.

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады.

Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген ҚР кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар бұл бағыттар бойынша беріледі:- ғылым- мәдениет- ақпараттық технологиялар- бизнес- медиа

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!