Елордада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде табысталатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдауды мақсат еткен айтулы шараға биыл 1000-нан аса ел жастарының жобалары қабылданған.

Нәтижесінде үздік деп танылған 33 жоба арнайы қаржылай грант жеңімпаздары атанды. Жеңімпаздар қатарында жерлестеріміз Дина Әділбекқызы мен Алия Махсатқызы да бар. Сырдың қос қызы 3 миллион теңгеден грант иеленді.

Топ жарған Сырдың сұлуларын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Сыр жастарының шоқтығы әркез биік болсын!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!