Талдықорған жылу қазандығы жарылып, 280 абонент жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға қаладағы екінші ықшам ауданда орналасқан N1 жылу қазандығында болған.

«280 абонент жылусыз қалды. Оның ішінде жеке және көпқабатты үйлер, бизнес нысандары – бәрі бар. Жарты сағаттың ішінде резервте тұрған қазандық іске қосылады»,- деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мади Шакенов.

Қазір Талдықорғанда ауа температурасы -11 градус аязды көрсетіп тұр.

«Жылу қазандығындағы апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ»,- деді Мади Шакенов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!