Фариза Төреәлі Mercedes-Benz көлігінің иесі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Блогер дәл осы көлікті екі жыл бұрын армандағанын айтты.

“Жолдасым маған “көлік айдауды үйреніп алсаң дұрыс болады, өзіңе де жақсы ғой” деп жиі айтып жүр еді, сөйтсем жарты жыл бұрын маған ұнайтындай салон, көлік түстерін, жақсы комплектациясына тапсырыс беріп қойыпты. Шынын айтсам осы уақытқа дейін темір тұлпарға еш қызығушылығым болмапты. Оны көлік жүргізуді үйренбегенімнен-ақ байқауға болады”, – деп жазды Фариза.

Ол алғашында темір тұлпардың өзінікі екеніне сене алмағанын айтып, өзін құттықтап жатқан қыз-келіншектерге осындай қымбат көліктің иесі атануды тіледі.

“Әлі сене алар емеспін, миым “менікі” дегенді қабылдай алмай біраз тұрды. Әр нәзік жандыға, сұлу оқырман қыздарыма өзіңмен гармония, сүйіктіңнің қамқорлығында, алақанында аялы, махаббатына бөленіп жүруді шын тіледім”, – делінген жазбада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!