Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетовтың төрағалығымен аймақтың инвестициялық келбетін арттыру, ішкі және сыртқы туризмді дамыту туралы мәжіліс өтті.

Мәжілісте Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов осы салада атқарылған жұмыстар, жоспар мен алдағы мақсаттар туралы баяндама жасады, қала, аудан әкімдерінің есебі тыңдалды. Үстіміздегі жылдан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау шаралары күшейтілгені белгілі.

Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов туристік дестинацияларға инфрақұрылымды қажет ететін жобалардың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, аймақтағы туризм саласындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және бекітілген индикаторларға қол жеткізу жөнінде қала және аудан әкімдіктеріне тапсырмалар берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!