Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой» интеллектуалды сайысы өткізілді.


Сайыстың мақсаты – жаһандану заманында бәсекелестік бәйгесінен қалмайтын ұшқыр ойлы интеллектуалды ұлтты дәріптеу. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту болып табылады. Бүгінгі сайысты облыстық, республикалық инттелектуалды сайыстарды ұйымдастырушы Т.Меңдібай жүргізді.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа барлығы 15 мектептен 45 оқушы қатысты.


Сайыс 5 кезеңді қамтыды:


•1-кезең – Блиц сұрақтар
•2-кезең – Киномузыкаквиз
•3-кезең – Логикалық сұрақтар
•4-кезең – Кітап пазл
•5-кезең – Қазақстан тарихы


Нәтижесінде І орынды, 50 000 тг – Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі
ІІ орынды, 30 000 тг – №114 орта мектебі ІІІ орынды, 20 000 тг – І.Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейі иеленді.


Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!