Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл фактіні Астана қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында анықтады. Жалған дипломмен жұмыс істеген 6 педагогтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», – деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!