Қызылорда облысында биыл 182 мың оқушы білім алмақ. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа оқу жылында балалар еш кедергісіз білім алуы қажет екенін айтты.

Өңірде мектептердегі күрделі жөңдеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қатаң бақылауға алынған. Бүгін аймақ басшысы бірқатар нысандарды аралап, атқарылған жұмыстарды көзбен көрді.

Биыл өңірдегі 6 мектепте күрделі жөңдеу жұмыстары жүруде. Бұл үшін бюджеттен 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінген. №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектепке барған облыс әкімі білім ордасының оқу процесіне әзірлігін бақылады. Аймақ басшысы жыл сайын апатты мектептерді жойып, жаңа мектептердің желісі көбейтуге басымдық берілетінін айтты.

«Оқушылардың қуанышына ештеңе жетпейді. Мектепке қомақты қаржы бөлінгендіктен, күрделі жөндеу жұмыстары өте сапалы орындалуы керек. Себебі оқу жылына білім беру нысандарының дайындығы Үкімет басшысының тікелей назарында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!