Жаңаөзендегі 2 мектепте жалған дипломмен жұмыс істеген үш мұғалім анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олардың біреуі мектепте он жылдан бері жұмыс істеген. Ал қалған екеуі №4 мектепте тоғыз және екі жыл көлемінде қызмет еткен.

Олар Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен, Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің дипломдарымен жұмыс істеген.

«Биылғы жылдың басында Жаңаөзен қаласы мұғалімдерінің дипломдарын тексеру барысында кейбір мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің дипломдарының жалған екені анықталды. Қазіргі кезде олардың жалған дипломды пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексерілуде»,- деді Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының маманы Әли Оңғарбаев.

Taulik.kz ShareFacebook

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!