Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен облыстық «Жас отау» конкурсы өтті. Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас от­ба­сылардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға барлық аудандардан және Қызылорда қаласынан іріктелген үздік отбасылар қатысып, өзара бақ сынады.

Конкурс қорытындысымен жүлделі III орын Қазалы қаласынан келген Қалиевтер мен сырдариялық Тілеубергеновтер отбасына бұйырды. Байқаудың II орнын Шиелі ауданының намы­сын қорғаған Нышанбековтер, жалағаштық Ахметовтер мен аралдық Жақсылықовтар отбасы еншіледі. Ал жүлделі I орын иегерлері – Жаңақорған ауданынан арнайы келген Жанбо­латовтар, қармақшылық Әмзеевтер мен Қызылорда қаласының қатысушылары Қуанышов отбасы.

Жас отбасыларды жан-жақты қолдау мақсатында мұндай конкурс облыстық «Жастар ресурстық орталығының» баста­масымен бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!