12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, «Aray city mall» ойын-сауық орталығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің                       2023 жылғы 5 мамырда Астана қаласында өткен Бүкілармия кеңесінде берген нұсқаулар аясында әскери-патриоттық тәрбиені насихаттау болып табылады.

Аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұратын шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ршауов Мыңділдә, «Застава тарландары» шекара ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Худаяров Асан Беркімбекұлы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің кадр жұмысы бойынша бөлімшесінің аға офицері Жанабаев Баубек Бахытұлы қатысты.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері жасөспірімдер арасында, әскери оқу орындары және болашақ офицерлік қызметтер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!