Әлеуметтік сала жетекшілері тек қана жастарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Білім саласы бойынша жастарды қабылдауды Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов жүргізді.

Жастар және олардың ата-аналары сала өкіліне жұмыс, балабақшаға бала орналастыру, “Мектепке жол” акциясы бойынша жәрдем алу секілді мәселелермен жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

Заң және құқықтық мүмкіншіліктер бойынша жастарды қабылдауды «Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Л.Бақтыбаева жүргізді.

Жастар және олардың ата-аналары сала өкіліне дәйектемесіз тоқтатылған қылмыстық іс, алимент, тұрғын үй құжаттамалары мәселелері бойынша жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

Денсаулық саласы бойынша жастарды қабылдауды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шаймбетов жүргізді.

Жастар және олардың ата-аналары сала өкіліне Байқоңыр қаласында ЖДО филиалын ашу, сол жағалауда емхана ашу, сауда дүкендерінде электронды сигареттердің жастар арасында қол жетімділігінен туындайтын түйткілдер және жеке мекемеде қызмет етушінің медициналық сақтандырылуы мәселелері бойынша жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

Әлеуметтік сала бойынша қабылдауды Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева жүргізді.

Жастар және олардың ата-аналары сала өкіліне жұмыссыздық, әлеуметтік көмектер және мемлекеттік бағдарламалар мәселелері бойынша жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Қожабергенов Фердоуси Әбілқасымұлы қабылдау өткізді. Жастар сала өкіліне әлеуметтік көмектер және мемлекеттік бағдарламалар мәселелері бойынша жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сала басшыларының жастарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы қорытындыланды.

Қызылорда облысының Қоғамдық Даму Басқармасы басшысының орынбасары Руслан Каюпов жастар мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жастар сала өкіліне мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүгінді. Мәселелердің оң шешімін табуы қос тараппен де қадағаланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!