Белгілі әнші Жазира Байырбекова күйеуін “жәннатым” дейтін әйелдер туралы ойын ашық айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… Күйеуін “жәннатым” деп санаған дұрыс-деп қанша жерден естісем де келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-ансын осылай атаса 100% қосыламын. Өйткені ата-анасын ешкім, ешқашан ауыстыра алмайды. Күйеуін,балаларының әкесін сыйлаған, құрметтеген өте дұрыс. Бірақ “жәннатым” деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты”, – делінген жазбада.

Жазира Байырбекованың оқырмандары әншінің бұл ойын қолдап, жазба астына өз пікірін қалдырды.

“Дұрыс, қосыламын. Күйеу ешқашан жәннатың болмайды, ол – өмірлік серігің”, “Әсірелемей-ақ сүйе беруге болады”, “Ер азаматың қанша жерден жақсы болса да, олай ата-анамен теңестіру әбес қылық”, – деп жазды желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!