1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынғандықтан, демалыс күндері де азаяды.

2022 жылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды. Соған байланысты демалыс күндері де азаяды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап тек бір күн – 16 желтоқсанда ғана атап өтіледі. Осыған сәйкес Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар: 

5 күндік жұмыс аптасында 16, 17, 18 желтоқсанда;
6 күндік жұмыс аптасында 16 және 18 желтоқсанда демалады.  
Желтоқсанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар. 

Ал жыл (31 желтоқсан) сенбіге және жексенбіге (1 қаңтар) түсіп тұр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!