Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, шенеунік бүгін, 9 қаңтарда ұсталды.»Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.Айта кетері, Мақсат Қожабаев ұзақ уақыт прокуратура органдарында жұмыс істеген. Одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ауысты. Ал 2018-2021 жылдары Шымкент қаласының прокуроры болды. 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!