Тереңөзек кентіндегі №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлымен кездесу ұйымдастырылды.


Мектеп кітанханашыларының ұйытқы болуымен өткен іс-шараға мектеп директоры А.Әлиева, ұстаздар және әдебиетке құштар оқушылар қатысты.
Әдеби кеште талапкер оқушылар 5, 6, 7, 8 сынып оқушылар ақынның жиырмаға жуық өлеңін жатқа оқыды. Сондай-ақ қаламгерге шығармашылық жолдағы жетістіктері мен жоспарлары туралы сұрақ қойып, жауап алды.


Ақынның жырларын насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында өткізілген іс-шара №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп оқушыларымен қатар №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің оқушысы А.Садуақасов та өлең оқыды.
Іс-шара соңында мектеп директоры А.Әлиева сөз сөйлеп, кездесуге арнайы уақыт бөліп келген ақынға рақметін айтып, шығармашылық сәттіліктер тіледі. Өз кезегінде ақын А.Ибрагимұлы іс-шараны ұйымдастырушыларға және оқушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!