Қазақстан  – мықты мемлекет және ұйымшыл ұлт!

Біз – Абылай хан  атындағы 140 қазақ орта мектеп оқушылары, жастары өсіп-өркендеген және кемелденген елде өмір сүргіміз келеді! Мемлекетіміздің есірткіге қарсы күресті күшейту жөніндегі саясатын толық қолдай отырып, біз Қазақстанның бүкіл жастарына үндеу жариялаймыз!

Біз:

– елдің және халықтың әл-ауқатын арттыруды;

– отанға адал болуды;

– жастардың болашаққа сенімін арттыруды;

– ашық әрі айқын қоғамды ҚОЛДАЙМЫЗ.

Білім алу, өркендеу ,лайықты өмір сүріп, қартаю құқығын жүзеге асыра отырып, біздер – жас қазақстандықтар, елдің табыстылығы мемлекеттің қалыптасқан жұмысы мен азаматтық қоғамның белсенді қолдауына байланысты екенін нақты түсінуіміз керек.

 «Жастар – біздің қоғамның тірегі» деп бізге үлкен сенім артылып және есірткіге ымырасыз күрес саясатына қатысуымызды күтеді.

Біз есірткіге кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік жағдайын туғызуға, есірткіге қарсы мәдениетті насихаттауға, жеке құқықтық сауаттылықты арттырып, жаман мінез-құлықтан адамгершілік тұрғыдан арылуға тиіспіз. Біздің басты қағидаттарымыз – адал еңбек пен оқу-білім,  заңдарды құрметтеу, әділ іс-қимылдармен әрекеттер жасау болуы тиіс.

Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде нашақорлыққа қарсы тұра білуіміз керек!

Біз Қазақстанның жастарын:

– Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жалпы ұлттық қозғалысының өзегі болуға;

– «Есірткіге жол жоқ!» мемлекеттік саясатын қолдауға;

– Қазақстанның мықты негіздерін нығайтуға бар күш-жігерін салуға шақырамыз!

Біз – Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп оқушылары, айтарымыз, «Есірткісіз болашақ – біздің болашағымыз!»

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков

Абылай хан атындағы №140 қазақ

 орта мектебінің 8 «А» сынып

оқушысы Бақыт Даниал

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!