Жадыраған жаз мезгілі кешегі.

Екпін-екпін жел де соғып еседі.

Тас қараңғы тар көшелер жалғыз жол, 

Сол көшемін жалғыз жігіт келеді.

Журе берді алды-артына қарамай,

Қайтар жолды қиналады таба алмай.

Көзі тусіп, бір лашыққа кіреді,

Бұл лашықта нашақорлар бар екенін білмеді.

Тырс-тырс етіп аяғының ұшымен,

Ақырын ғана есікті ашып кіреді.

Іші толған нашақорлар әр жерде,

Көре тұра,  жігіт ішке енеді.

Наша ұсынды әлгілер оған құмар қып,

Жоқ деместен наша шеккен ұнатып .

Қамсыз өскен жеңіл ойлы жігітте,

Басталды ғой осы жерден құмарлық .

Өз басының болмаса егер билігі,

«Жоқ» деп айтуды қасіретте де білмейді.

Қайратың барда жігерлі бол, жас ұрпақ!

Адам болу – болашақтың кемелі

Қауіпті жолда өзіңді-өзің тежей біл,

«Жоқ» деп айтқың береу наша  ұсынса!

Қолыңа алма салауатпен ұғынып,

Жарқын шақта болашақа қол сұқпа!

Денсаулықты әрқашан да кутейік,

Болашаққа есірткісіз жетейік.

Дені сау болған тамаша ғой, тамаша,

Бұл өмірден өкінішсіз өтейік!

                                                                         #есірткігеқарсы

                                                                         #противнаркотиков

                                  Сағындық Нұрайым

                                         Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

                                                 №249 мектеп-лицейдің 9 «в» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!