Желіде Сәтбаев қаласындағы мектептердің бірінде оқу ісінің меңгерушісі туысына екі қойған мұғалімге айқайлап, ұрысып жатқан видео тарады. Бұл көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

TikTok қолданушысы Айгүл Жұмағали видеоның астына «Туыс қызына 2 қойған мұғалімге ашуланған мектептің оқу ісінің меңгерушісі «сені жұмысқа алған мен, жұмыстан шығарып жіберемін» деп ашуланған», – деп жазған.

Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сафура Сейдуәлиқызы бұл оқиғаны растады. 

«Бірақ бұл былтыр қарашада болған оқиға. Мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінің арасында осындай оқиға болғаны рас. Ол оқушының туысы екені де рас. Бүгінде оқу ісінің меңгерушісі қатаң сөгіс алды. Ол оқу ісінің меңгерушісі қызметінен босатылып, математика пәнінен аз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Ал оқушы ата-анасының қалауымен басқа мектепке ауысты», – деп түсіндірді білім басқармасының басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!