Облыстық «Ақмешіт жастары» газеті 10 жылдығына орай және осы редакцияда болашақ қаламгерлердің шығармашылығын шыңдауға үлес қосқан жас журналист Сара Омарованы еске алуға арнап «Ең үздік жас журналист» облыстық байқауын жариялайды.
Жалпы ереже:
– Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
Мақсаты:
– Жас журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету
– Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында редакция жанынан Ұйымдастыру комиссиясы құрылады
-– Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған материал жіберіледі
– Байқауға 29 жасқа дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады
– Материалдар тиісті баспа және ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады. Қатысушының байқауға ұсынған материалында жастар арасындағы өзекті мәселелер қамтылуы тиіс.
– Байқауға әрбір қатысушы материалын 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
Материалдар басылымның aqmeshit_zhastary.kz @mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Тел: 40-11-10; +77784020511
– Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжаттарды қоса жібереді:
1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы
2) жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, бай-ланыс құралдары және 3х4 суреті
3) байқау материалының қағаз нұсқасы
4) Байқауға жіберілген материал авторларға қайтарылмайды
5) Байқауға ұсынылған материалды қазылар алқасы бағалайды
– Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) 2023 жылы 26 мамыр мен 20 маусым аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау
2) 2023 жылы 24-26 маусым аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау
3) 2023 жылы 27 маусымда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 250 мың теңге.