Бұл туралы бүгін қала прокурорының орынбасары Бек Мұсабаев баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.Қызылорда қаласының прокуратурасымен ағымдағы жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында 8 ұсыну және 4 наразылық енгізіліп, нәтижесімен 509 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 6 жауапты қызметкердің тәртіптік жауапкершіліктері қаралған.

Мәселен, 441 кәсіпкерлік субъектінің құқықтары Қызылорда қаласының санитариялық дәрігерімен қабылданған қаулысымен негізсіз шектелгені анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген талдауда 26 кәсіпкерге 27,7 млн теңге банктік кепілдемелері кері қайтарылмай құқықтары бұзылғаны анықталып, прокурорлық қадағалау актісі негізінде барлық кәсіпкерге толығымен банктік кепілдемелері кері қайтарылды.

Бүгінде кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында құрылған мобильді топтың сенім телефондары (8 775 721 45 28, 24 76 95) Н.Назарбаев даңғылы, Қорқыт ата, Журба, Қазыбек би және Яссауи көшелеріндегі сыртқы жарнама құрылғыларына орналастырылған.

Аталған сенім телефонына полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз хаттама толтыру орын алғаны жөнінде хабарламалар тіркеліп, «Жаңа базар» жанында орналасқан 19 жеке кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысандардың алдында орналасқан жол белгілері бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, 13 кәсіпкерлік нысанның алдында заңсыз орналасқан жол белгілері жойылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!