Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қазан айының екінші жексенбісі – «Мүгедектігі бар адамдар күніне» орай облыстық спартакиада өтті.

Сайысты«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырды.

Спартакиадаға облыс бойынша  70- тен аса мүгедектігі бар адам қатысты.

Спартакиада спорттың 3- түрінен өтті:

1. Дартс  (ерлермен әйелдер арасында)

2. Допты нысанаға салу  (ерлер арасында)

3. Шенберді нысанаға салу  (әйелдер арасында)

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған қатысушыларға алғыс хат табысталды.

«Спартакиада барысында спартакиадаға қатысушылардың денсаулығында ақау болғанына қарамастан, спорттық сынақтар мен дертін жеңіп, олар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеп, нағыз күрескер екенін көрсетті», – деп    атап  өтті Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбекұлы.

Спартакиада жеңімпаздары   Дартс бойынша: ІІІ орын: Спиртов Сергей, Қазалы ауданы 3-орын: Досниязов Нүркен, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы ІІ-орын: Әлиханов Ғабит, Қызылорда қаласы І-орын: Абдықалыков Ерлан, Қызылорда қаласы  
Допты нысанаға салу бойынша: ІІІ-орын: Көбесов Нартай, Арал ауданы, Сопақ ауылдық округі, Алтықұдық елдімекені ІІІ-орын: Абикенов Серик, Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылы ІІ-орын: Жарылқапов Марат, №2 Қызылорда арнаулы қызметтер көрсету орталығынан І-орын: Ибрашов Нурполат, Қызылорда қаласы   Шеңберді нысанаға салубойынша: ІІІ-орын: Алимбаева Жанар, Қызылорда қаласы ІІІ-орын: Сарыкулова Асия, Қызылорда қаласы ІІ-орын: Қойшығұлова Ляззат, Қызылорда қаласы І-орын Бижанова Ляззат, Арал ауданы, Шижаға елдімекені  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!