Әлеуметтік желіде қажылыққа жинаған қаражатын Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен жапа шеккендерге аударған қария туралы видео тарады. Бұл туралы Islamnews.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

74 жастағы Түркия тұрғыны Мехмет Чакирхан ұзақ уақыт бойы кіші қажылыққа бару үшін ақша жинап жүрген. Бірақ өз еліндегі алапат жер сілкінісі қарияның жүрегін ауыртады. Мехмет атай өзінің отандастары секілді қажылыққа жиған қаражатын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударды. Ол қажылыққа барғысы келгенімен, бұл ақшаны шын жүректен көмек ретінде беру Меккеге барудан да маңыздырақ екенін айтқан. Желі қолданушылары қарияның бұл қадамына ризашылығын білдірді. Олар ақсақалдың бұл әрекетіне тәнті болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!