Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды. Жыл басынан бері 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 14114-і тұрақты жұмыс орны. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз қызметінде мәлімдеді.

 Жұмыспен қамту орталықтары арқылы аймақта 849 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды, оның 306-сы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қолдауға барлығы 1,8 млрд.теңге бөлінген.

Аймақта кәсіпкерлікке 26 мыңнан астам көп балалы ана қамтылған. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетіп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!