Алакөлдегі “Керуен” және “Айгерім” демалыс үйінің маңынан өрт шықты.

4 шілдеде 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілер база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1000-нан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жануда. Демалушылар өздігінен үйлерден кетуде.

Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!