Қызылорда облысы Шиелі ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Қаратаев Нұрбек Келсімұлы тағайындалды.


Қаратаев Нұрбек Келсімұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2009 жылы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.


Әрі қарай облыстық прокуратураның басқарма прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі м.а., облыстық прокуратураның басқарма бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.


2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан астам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!