Қызылорда инженерлік техникалық колледжінде «Құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу бағытында құқықтық сауаттандыру» жұмыстарын жүргізу мақсатында ата-аналар сағаты өтті. Кездесуде алдымен ата-аналар жиынының мақсаты түсіндіріліп, одан әрі арнайы сала мамандары сөз кезегін жалғай түсті.

Шарада жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты мінез-құлықтың ауытқушылығымен байланыстырған облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Динара Болатовна «Ата-аналардың тарапынан бақылау бәсеңдесе, құқық бұзушылық пайда болады» деген ой білдірді.

Кездесуге келген қалалық прокуратураның қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Бағдат Шаяхмет, Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы және полиция лейтенанты Жарылқасын Қанибаев балалардың беймезгіл көшеде жүрмеуі, автокөлік жүргізбеуіне байланысты орталық мамандарымен бірлесе түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!