ЖОО студенттеріне 500 мың теңгеден төрт стипендия, арнайы мектеп оқушыларына 250 мың теңге көлеміндегі алты стипендия бөлінеді.

        Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қоры келесі оқу орындарының үрмелі аспаптар бөлімшесінің студенттері мен оқушыларына Батырхан Шөкенов атындағы 2021-2022 оқу жылына арналған стипендия жариялайды:

Батырхан Шөкенов атындағы шәкіртақыны алуға өтінішті 12 қыркүйекке дейін batyr.foundation сайтында толтыру қажет. Стипендия алуға жоғарыда көрсетілген оқу орындарының студенттері мен оқушылары ғана келесі аспаптар сыныптары бойынша үміткер бола алады:

Ағаш үрмелі музыкалық аспаптары:

  • гобой;
  • кларнет;
  • саксофон;
  • фагот;
  • флейта.

Жезден жасалған музыкалық аспаптар:

  • валторна;
  • тромбон;
  • труба;
  • туба.

Стипендияға тек Қазақстан азаматтары ғана үміткер бола алады. Іріктеу екі кезеңнен тұрады: онлайн-тур және бірінші турдан өткендерге арналған сұхбат. Стипендиаттар сыйлық алғаннан кейін фото және бейнетүсірілімге қатысуға келіседі.

Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шөкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау жариялады. Бүгінде байқауға қатысатын алғашқы эскиздер пайда болды. Онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы – саксофонмен бейнеленген. Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!