Алдына келген адамның сырқатын суырыпсалма өлеңмен түгендеп беретін ақын емші көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Айтыстың мақамына салып, науқастың дертін өлеңмен айтып беретін өнерлі шипагер жасырын камераға түсірілген. TikTok-та жарияланған видеодан алдына келген клиентінің ауру-сырқауын жырға қосып отырғанын көруге болады.

Ол емделушісіне әр қайырым сайын «әумин» деп бет сипауын бұйырады. Осылай диагнозды өлеңмен өріп, әуенмен үшкіріп отырған емшінің әрекеті сырт көзге күлкілі көрінеді екен.

«Екі бүйрегіңнен қысады,Тамағыңда без бар-ау,Шошынғандай, қарағым.Асқазанда ас бар-ау,Ұшынғандай, қарағым…» — деп іркілместен суырып сала жөнеледі.Оның алдына барған қыздың айтуынша, бұл емші Текеліде (Алматы облысы) тұратын көрінеді.Ерекше шипагердің емдеу тәсіліне таңданғандар да, әжуаға айналдырып жатқандар да көп. Емделуге барған қыз да сөзге іліккен.

«Айнұр Тұрсынбаева жолда қалады», «Емші ме, ақын ба?», «Жынмен жұмыс істейтіндер ғой», «Сорлы емделушінің дымы қалмапты ғой, тірі ме өзі?», «Қасиеті мықты екен!», «Шамалы адам бұлай істей алмайды», «Бару керек екен», — деп жазды көпшілік

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!