Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан
жарияланған байқауға

Сірә, бүгінгі күні адамзат баласының арасында есірткі поблемасы туралы толғанбайтыны кем-де кем шығар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі тақырып болып отырғаны жасырын емес.

Статистикалық есептердегі көрсеткіштерден көңілің қорқады ал бұл тірі жандардың тұтастай өмірі. Кез-келген адам үшін өмірі – ең басты құндылығы болып саналады. Есірткімен күресіп түп тамырымен жою мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері облыс төңірегінде де ауқымды жұмыстар атқаруда.

Оған дәлел әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттар көзі де жетіп артылады. Ең бастысы–жас болсын егде кісі болсын есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесіп күресуіміз қажет. 


«Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та, бар қалан»,- деп қазақтың бас ақыны Абай атамыз айтпақшы өмір – арнасы кең өзен іспетті, сол ағып жатқан өзеннен өз арнамызды табу кез-келген өскелең ұрпақтың басты міндеті деп білемін. Адам сол алға қойған мақсат-міндетіне жету үшін жолында кездескен қиындықтар мен кедергілерге қарамай қарсы жүруі керек.


Мен, Әділханқызы Ақтолқын қаламыздағы №253 орта мектептің 6 сынып оқушысымын.  Аталмыш акция ұйымдастырылатынын естігеннен кейін өз үлесімді қосу мақсатында достарыма төмендегі жазбамды жариялауды жөн көрдім. Мен күнделікті өмірде өз-өзімді тәрбиелеп, алдыма мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірімді дұрыс қалыптастыру өз қолымда» деген қағиданы санамда ұстаймын. Сондықтан жан-жағымдағы достарымды және адамдарды жаман әдеттерден аулақ болғанын қалаймын.

 Баланың жаман әдеттерден және өзіңе зиян келтіретін сыртқы және ішкі әдеттерден қорғана білуі өте маңызды. Денсаулыққа саналы қарап спортпен шұғылданып, уақытында  тамақтанып, дене бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық  жолына түсу денсаулығынды өз қолыңмен құрту болып есептелінеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті айықпас дерті.

Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан «жұқпалы ауру» іспетті. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр десек те қателеспеген болармыз.  Есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар.

Оған дәлел өзім күнделікті өмірде көріп жүргенімдей көшеде өзімнен сәл ақ үлкен апа-ағаларымыздың қазіргінің «хит» тауары маскинг деп аталатын дүниені түтінін будақтатып шегіп жүргенін көп аңғарамын. Бұның құрамында не бар деген сауалдар сол балаларды толғандырады ма екен? Әрине алғашында қызық үшін бастаған балғындар бара-бара әуесқойлыққа салынбасына кім кепіл деген сауалдар санамнан кетер емес.         


Бұл әуесқойлық ауру – ағзасының ауыр психикалық және физикалық бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі қолдануға құмарлықты арттырары хақ. Алайда көпшілікті «қорқыныш» сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне балта шабады. Бұл әуесқойлықтан қалай арылуға болады? Жаңағы маскинг деген дүние кез-келген дүкенде, дүңгіршекте ашықтан ашық сатылымда тұрғаны жасырын емес.

Ашық тұрған затқа қол жеткізу өте оңай. Сондықтан осы мақаламды пайдалана отырып құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз ұсынысымды айтқым келеді. Осы бір шылымның күшейтілген түрін дүкендерде 18 жасқа толмаған балаларға сатуға тиым салынса екен. Сатылған жағдайда дүкен иесіне айыппұл салынса.

Осы орайда дүкен иелері де өз тарапынан ақшаның буына булықпай өз балаңыздың жастай бұзылмасына ықпалдарыңызды тигізер ме едіңіз? Мен – Жас ұланмын! Қазақстанның болашағы біз жастар, өсіп келе жатырған жас ұрпақ қолында екенін ұмытпағанымыз жөн.


Мақала соңын ақын Мағжан Жұмабаев ағамыздың
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!- деген сөздерімен аяқтағым келеді. Өзімізді жетілдіріп, оқып, білім алып, жаңа және белсенді өмір ұстанымын игере отырып, біз нағыз адам боламыз.

Өз болашағымыз өз қолымызда сондықтан сіздерді саналы өмір сүруге шақырамын жас достар!

#Есірткігеқарсыбайқауы


Әділхан Ақтолқын,


№253 орта мектептің

6 «г» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!