«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

21- ғасыр түрлі жаңа технологияларды әкелгендей, заман дерті есірткіге тәуелділікті де өзімен ала келді. Былай қарасақ осындай жаман әдеттерге көп жағдайда жастар үйір болып жатады. Неге? Себебі үлкен буынға қарағанда жас буынның жаңа нәрселерге қызығушылығы жылдам оянады. Кейде олар тіпті оның зияны мен пайдасына да қарамайды. Соның бірі заман дерті-есірткіге тәуелділік.
Ойлап қарайықшы, есірткіге тәуелділік дегеніміз – бұл организмге түрлі препараттың өзара әрекеттесуін тудыратын психологиялық және физикалық адамның жағдайы. Бұл адам қалыпты жұмыс істеуі үшін бір немесе бірнеше есірткіні қажет еткенде пайда болады. Яғни адамда медициналық жағдайдың қандай-да бір түрі болуы мүмкін, мысалы; қан қысымының жоғарылауы, созылмалы ауырсынулар, депрессия, шизофрения немесе мазасыздық т.б, бұл олардың өмір сапасын сақтау үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауды талап етеді. Есірткі сөзі біздің бойымызға жиіркеніш сезімін тудырады. Ал заманымызда мұндай заттарсыз өмір сүре алмайтындар да кездеседі. Кейбірі есірткі түрлерін сатып ақша тапса, біреуі оны биологиялық қажеттілік деп біледі. Мысалы осы 2021 жылдың қазан айында біздің Қызылорда қаласында осындай заңсыз заттарды тасымалдаған курьер ұсталды. Бұл тек өзіміздің шынашақтай Қызылордамыздың өзінде. Ал мен еліміздің мегаполистерінде не болып жатқанын айтпасам да белгілі. Есірткіден бөлек құрамында никотин бар заттарды қолдануда есірткі тұтыну деп есептесек те болады. Мұндай заттарды тұтынатындар, менің ойымша, санасында кемістігі бар адамдар. Себебі есі дұрыс адам өзіне зиянды заттарды тұтынбақ түгілі одан өз бойын аулақ ұстайды. Бұны логикалық түрде ойлап қарасақ бұлда вирус. Халық ішіне бір тарады ма, құтылу мүмкін емес… Я құтылу ықтималдылығы 100-ден 20 ғана, себебі бұдан айығу әр адамның ерік жігеріне байланысты. Ал егерде біз салауатты өмір салтын ұстансақ, есірткі түгілі қазіргі жаңа смартфондар мен гаджеттерге де қызықпаймыз.
Қорытындылай келе, бұл өмірде адам болу да өз қолымызда. Күнің мен түніңді смартфонда өткізу саған пайда әкелмейді. Орныңнан тұр да өзіңді жан-жақты дамыт, кітап оқы, спортпен шұғылдан, таза ауада көбірек жүр, дұрыс тамақтан, бос уақытыңды тиімді пайдалан, сонда ғана сен жақсы өмір сүру үшін күресіп жатқан адамдар қатарына қосыласың және ғажайып өмір кешесің.
Аслан Бегдилдаев,
М. Шоқай атындағы №41 орта мектептің 10-сынып оқушысы,
Сұлу-төбе ауылы,
Шиелі ауданы.

        
"Есірткісіз өмір ғажайып"

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!