АҚШ-та мерзімінен бұрын босану бойынша әлем рекорды жаңарды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайты жазды.

Бала жүктіліктің 21-аптасында өмірге келген. Бұл жүктілік мерзімі саналатын 40 аптаның жартысы ғана.

Кертис есімді ұл бала 2020 жылдың шілдесінде Алабамада дүниеге келген. Оның салмағы небәрі 420 грамм болған, салыстыру үшін айтатын болсақ бұл футбол добының салмағымен бірдей. Ол қазір 1 жас 4 айда.

Сәбидің анасы Мишель Батлер 2020 жылдың 4 шілдесінде мерзімінен бұрын босану қаупімен дереу ауруханаға жеткізілген. Келесі күні ол Кертис пен ЦʼАсу атты ұл мен қыз босанған. Бір күннен кейін қыз қайтыс болды, бірақ ұл аман қалды. Дәрігерлер оның тірі қалуына небәрі 1 пайыз мүмкіндік бар екенін айтқан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!