«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Qosyl» жастар орталығында» волонтерлар мен қайырымдылық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Көңілді тапқырлар» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайысқа волонтер жастардан құралған бес команда қатысты. Төрт кезеңнен құралған сайыс нәтижесінде I орынды «Жаңа толқын», II орынды «Интеллект», III орынды «Сәлем фронт-офис» команадалары иеленіп, «Жас Отан» және «Жылы жүрек» командалары алғыс хатпен марапатталды.

Командалардың барлығына бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік бастамалар және жобалармен жұмыс бөлімінің бас сарапшысы Шакизат Абдраманова және «Жылы жүрек» қоғамдық қорының төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы марапаттады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!