La Casa De Papel (Бумажный дом) сериалы ресми түрде аяқталады. Келесі айда соңғы жылдардағы басты сериалдардың бірімен қоштасамыз. Сериалдың соңғы бөлімі екіге бөлінген болатын: оның бірінші бөлімі көрерменге қыркүйек айында ұсынылды, ал екінші бөлімін стримингтен 3 желтоқсаннан бастап көруге болады.

Көпшілік асыға күтіп жүрген премьераның алдында Netflix қорытынды бөлімнің трейлерін ұсынды. Трейлерден Токионың шынымен де қайтыс болғанын және тонаушылар тобы әлі де қақпанда екенін көруге болады. Оған қоса, Netflix сипаттамасы да оптимизм сыйламайды: «Ең бетері, Профессор өміріндегі ең үлкен қателік жіберген болуы мүмкін».

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!