Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек көрсетеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казнетте Алматыдағы студенттердің «далада түнеп жүргені» жайлы бейнеролик тараған болатын. Осыған байланысты министрлік бейнеролик авторының және оқиға куәгерлерінің ведомствоға хабарласуын сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, басқа өңірлерде бұндай жағдай тіркелмегенін хабарлайды.

Сонымен бірге министрлік өкілдері Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы Жедел штаб жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ал баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алатынын жеткізді.Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана). Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!