Түшкіру – адам ағзасындағы табиғи құбылыс, артық заттарды мұрын мен ауыз арқылы шығаруы. Бірақ арамызда түшкіруді ұят көріп, оны барынша басуға, тұншықтыруға тырысатындар бар. Бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті нәрсеге айналды. Ауруды білдірмес үшін мұрынды басып түшкіру немесе келіп тұрған түшкірікті тұншықтыру әдет болып кетті.

Мамандардың айтуынша, бұл дұрыс емес. Мәселен, Ұлыбританияның Лестер университеті ауруханасы мамандары мұрынды басып түшкірудің залалы шаш-етектен екенін айтады.

«Түшкірікті басу, тұншықтыру қан тамырының үзілуіне, қысылуына әкелетіні бұрыннан белгілі. Одан бөлек, өкпе тұсындағы кеуде жасушасына ауа тығындалып қалуы, құлақ жарғағының жарылуы, тіпті мидағы қан тамырларының ісініп кетуіне (церебральды аневризм) де әкелуі мүмкін», – дейді олар.

Түшкірікпен келген жоғары қан қысымы мұрын мен көз, құлақтың ішкі бөлігіндегі ұсақ қан тамырларын жарып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұрын мен көздің маңы қызарып кетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!