Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғыдепутаты НұржанӘлтаев «Мұқалмас» республикалық қоғамдықбірлестігі атынанпрезиденттікке кандидатретінде тіркелуүшін Орталықсайлау комиссиясына құжатын тапсырды.

Бұл туралы жұма күні ОСК баспасөз қызметі хабарлады.»7 қазанда Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар ОСК-ге тапсырылды», – делінген хабарламада.

Әлтаев бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін де атқарған.

Әлтаевқа құжаттарды бұрмалады деген айып тағылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, «Мұқалмас» РҚБ-ның бірқатар филиалының басшылары кандидат ұсыну туралы хаттаманың бұрмаланғанын хабарлаған.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!