Алматыда оқушының өзіні қол салуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алматыдағы лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсағаны және жан сақтау бөлімінде жатқанды туралы ақпарат шықты.
Аталмыш дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Қыз ауруханада. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!