Көп қазақстандық күтіп жүрген Pfizer вакцинасы елге төртінші тоқсанда келуі тиіс. Бұл екпе 12 жастан бастап балаларға да қолдануға болатындықтан да сұранысқа ие, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы брифингте қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусқа қарсы иммундау үшін вакцинаның төрт түрі қолданылады: QazVac, Sputnik V, Hayat-Vax және CoronaVac. Бұдан басқа, биыл күзде Қазақстанға Pfizer және Sputnik Light вакциналарын жеткізу туралы келісім бар.
Бүгінде балаларды вакцинациялау мүмкіндігі қарастырылуда. Әрине, ата-ананың келісімімен. Сонымен қатар Sputnik Light бір компонентті вакцинасы халықты вакцинациялау уақытын қысқартады және ұжымдық иммунитетті тез қалыптастырады деп күтілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!