Облыста жыл басынан бері 361 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оқиға салдарынан 432 адам түрлі дене жарақаттарын алса, өкінішке орай 100 адам қаза тапқан. Өңірде жол ережесін өрескел бұзудың 118 473 дерегі анықталып отыр.

Оның 63 975-і жол апатына тікелей қатысы бар. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев хабарлады.

«Қазіргі таңда ең алаңдататын мәселе – жол қауіпсіздігі. Бүгінде мектеп оқушылары офлайн форматта білім алуына байланысты, мектептер аумағында патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Балалардың қатысуымен жол апатының алдын алу мақсатында, қала орталығында және мектептер алдына «тыйым салынатын жол белгілерінің қайталануы» жол таңбалары сызылды. Қаладағы №15, №264 мектептер жанында оқушылардың макеттері орнатылды. Сондай-ақ, шаһарда жылдамдықты асыруды автоматты тіркейтін 20 стационарлы Аркан құралдары қамтылды», – деді Бауыржан Әшімұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!