Қазақстандағы оқу-жаттығуға келген Ресей және Беларусь Республикаларының әскери эшелондары 8-15 қазан аралығында өз елдеріне қайтады.

Қорғаныс министрлігі халыққа осындай үндеу жасады.Қазақстанның қорғаныс ведомствосы биылғы 26 қыркүйек – 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өткенін еске салды.

«Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пунктеріне қайтады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «Қазақстан темір жолы« ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады. Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша теміржол көлігімен және әскери техникамен өтеді. Осыған байланысты азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», – делінген министрлік мәліметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!