Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев 85 мың теңгеге өмір сүруге болады деген мәлімдемесі жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек деп айтқан жоқпын. Әрине бұлай емес. Бұл – мемлекет белгілейтін ең төменгі кепілдендірілген деңгей және жұмыс беруші жалақыны одан төмен қоя алмайды. Қазір еңбек нарығында біліктілікке, білімге, дағдыларға байланысты жоғары жалақы бар екені түсінікті. Егер біз тек еңбек нарығына шығатын жас қызметкерлер туралы айтатын болсақ, мұнда Еңбек министрлігі жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұсынады, – деді Олжас Ордабаев.

Еңбек вице-министрі мемлекет жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отырғанын да айтты.

Бізде жас балалар үшін мемлекет тарапынан субсидиялау, «бірінші жұмыс орны», жастар практикасы бар, онда мемлекет 103 мың теңге мөлшерінде жалақының бір бөлігін, қалғанын жұмыс беруші субсидиялайды, – деді Ордабаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!