Ведомствоның мәліметінше, анонимді телеграм арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығару туралы үндеу қамтылған арандатушылық материал жарияланды.

“Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдіктердің қатарына жатпайды. Қазіргі уақытта алыс шетелдің бірінде тұрады. Бұл сырттан бағытталған жоспарлы және мақсатты акция. Оның нысаны – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру», – деді ҚР Прокуратурасының өкілі Серік Әділкенұлы. Оның айтуынша, желіде жарияланған материалдың мазмұны жалған ақпарат таратып, ұлттық араздықты қоздыру мақсатын көздейді.

«Материалда көрсетілген әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-і, 180-і және 274-і бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазаға әкеліп соғады. Аталған сепаратистік шақырулар фактісі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 180-і бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Осы секілді материалдар мен үндеулерді жариялап, таратушылар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын назарға саламыз», – дейді ол.