«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы» Қызыл­орда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 104 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3945 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» газетінде 2004 жылғы 7 қыркүйекте және «Кызылординские вести» газетінде 2004 жылғы 27 тамызда жарияланған);

2) «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөл­шерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 96 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7631 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                  әкімі Г.Әбдіқалықова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!