Қызылорда облысында қант диабетіне шалдыққан жастар саны артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста қант диабетімен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өскен. Олардың қатарында жастар саны басым.

Әлемде 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны көбейген. Дүниежүзінде аталған сырқатқа шалдыққан 400 миллионға жуық адам бар.

«Қант диабеті жүрек-қан тамыр ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Бүгінде ауруға шалдыққан науқастардың жалпы саны – 14 700 құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға көп. 2011 жылдан бастап қант диабетін анықтау үшін скрининг жүргізіліп, барлық емханалар осы бағдарламамен жұмыс істеуде», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эндокринолог дәрігері Гүлнар Оразова.

Қант диабеті әсер ете алатын және әсер ете алмайтын болып екіге бөлінеді. Біз әсер ете алмайтын факторлардың бірі – адамның жасы.

«Адамның жасы ұлғайған сайын қант диабетіне шалдығу ықтималдығы жоғары. Екінші фактор – бұл тұқым қуалаушылық. Яғни сырқат адамға ген арқылы беріледі. Сондай-ақ, қимыл қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттердің барлығы қант диабеті ауруына әкеп соқтыруы мүмкін», – деді №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Гүлжан Абсатова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!